Елордада ел тәуелсіздігі тарихындағы алғашқы көппартиялы Парламенттің жартыжылдық жұмысы талқыланады
АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Ертең елордада «Қазақстандағы көппартиялы Парламент қоғамдағы демократияның дамуы мен жаңғыртудың жаңа кезеңі ретінде» тақырыбымен дөңгелек үстел отырысы өтеді.
Бұл ақпаратты «Нұр Отан» ХДП-ның баспасөз қызметі таратып отыр.
Аталған шараның негізгі мақсаты тәуелсіздік жылдарында алғаш рет үш саяси партия кірген қазақстандық парламентаризм тарихындағы ҚР Парламенті Мәжілісінің 5-ші шақырылымы қызметінің қорытындысын талқылау болып табылады.
Дөңгелек үстел барысында қазақстандық сарапшылар заңнама шығару органының жартыжылдық жұмысының тиімділігін, қоғамды демократияландыру мен жаңғыртудың маңызы факторы ретінде көппартиялы парламент пен азаматтық қоғамның, қоғамдық институттардың даму мәселелерін талқылайды.