Елордада ем қабылдап жатқан балалар да мерекелік сыйлықтан құр қалмайды

Қайырымдылық шараның мақсаты стационарлық ем қабылдап жатқан балаларға нағыз мереке, шаттық сыйлау; балалардың бойында әлеуметтік белсенділік дағдылары мен жауапкершілікті қалыптастыру; балалардың өзара араласуына көмектесу. Мерекелік акция аясында балалар ұжымдарының қатысуымен концерт ұйымдастырылып, астаналық цирк әртістері шоу ұсынады. Сондай-ақ, балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратылады. Сондай-ақ, №6 қалалық емханада қызметкерлердің балалары үшін волонтерлардың қатысуымен «Балалық шақ - балалар!» акциясы өтеді. Шараның мақсаты - Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу, балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын жақсарту, денсаулықтарын нығайту, бір-біріне деген сенімді арттыру. Ал, қалалық №1 емханада Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Мен бейбітшілікті саламын» асфальттағы суреттер жарысы өтеді.