Елордада еңбек заңнамасы мәселелеріне арналған жалпықалалық семинар-кеңес өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Зарина Рысбаева/ - Сәуірдің 29-ы Конгресс-Холл сарайында Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Балаеваның төрайымдығымен Еңбек заңнамасы мәселесі бойынша кеңейтілген жалпықалалық семинар-кеңес өтеді. Бұл кездесу жыл сайын Халықаралық еңбек ұйымы сәуірдің 28-інде атап өтетін Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орайластырылпы отыр, деп хабарлайды «Бәйтерек» халықаралық медиаорталығы.
Семинар-кеңес жұмыс берушілер, қызметкерлер мен қоғамның назарын өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар өткізу қажеттігіне, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауға бағытталған.
Шараны ұйымдастырушы - Астана қаласының еңбек қауіпсіздігін бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті.