Елордада Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне арналған І Қазақстандық халықаралық конференция және KIOSH-2011 көрмесі ашылды

АНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне арналған І Қазақстандық халықаралық конференция және KIOSH-2011 көрмесі ашылды.
None
None

Конференцияның маңызды тақырыптарының бірі ел кәсіпорындарында жазатайым оқиғалар мен жарақаттанудың алдын алуға бағытталған. Бұдан бөлек алқалы жиынға қатысушылар Еңбек қауіпсіздігі ұлттық стратегиясымен тығыз байланысты өзекті мәселерді, Өндіріс қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы ҚР заңнамасына жасалған реформа нәтижелерін талқыламақ.

Ал KIOSH-2011 көрмесі барысында еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы ең соңғы жетістіктер, атап айтқанда жеке қорғаныс құралдары, арнайы аяқ киімдер, каскалар, қолғаптар, өлшеуіш аспаптар, ауа тазарту жүйелері, ұжымдық қорғаныс құралдары таныстырылды.

Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күніне орай ұйымдастырылып отырған шара 2 күнге созылады. Жобаға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Ақпарат және байланыс министрліктері ресми қолдау көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар