Елордада энергия үнемдеу технологиясы бойынша жаңа Мұз айдыны ашылды

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін елордада бірегей «Тарлан» мұз айдыны ашылды. Мұз айдыны хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан кәсіби, жартылай кәсіби және әуесқой командалар үшін жаттығу кешені ретінде жасалып отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін аталған кешеннің ашылу рәсімінде «Каспий» спортты дамыту қорының өкілі Ғазиз Шаханов айтты.

«Бастапқыдан-ақ үлкен жарыстар өтетін зал салу міндеті жүктелген жоқ. Құрылыс барысында қалада жаттығуға арналған мұз айдындарының тапшылығы ескерілді. Сонымен қатар алғашқы орынға ғимараттың энергия үнемдеуі қойылды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, кешеннің төбесі екіқабатты заманауи пленкамен жабылған. Ол ыстық пен суықты шағылыстырып, ғимартта ауа температурасын бірқалыпты ұстауға мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар төбе жабындысы тіпті бұлтты күндері де ішке жарық түсіріп тұруға қауқарлы. Мұның барлығы электр энергиясына 44 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді Ғ.Шаханов.

Соңғы жаңалықтар