Елордада ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нысандары артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нысандары артады. Бұл туралы педагогика қызметкерлерінің тамыз кеңесінде елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Егер былтыр инклюзивті біліммен қамту 80 пайыз болса, биыл біз бұл көрсеткішті 100 пайыздық деңгейге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Тұңғыш Президент - Елбасы қорының бастамасымен екі жаңа мектептің негізінде 1 қыркүйекке дейін 30 орындық 2 инклюзивті қолдау бөлмелері ашылады. Шілдеден Асыл мирас кабинеті жұмыс істей бастады. Онда халықаралық сертификатқа ие және заманауи әдістемелерді меңгерген мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ, қыркүйек айында зияткерлік қабілеті төмен 100 балаға арналған №3 арнайы мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Күзде көру қабілеті нашар балаларға арналған балабақша ашамыз», - деді елорда әкімі .

Сондай-ақ оның айтуынша, жаңа оқу жылында елордалық мектептерде қосымша білім берудің 8 филиалы және тағы 2 қоғамдық орталық ашылатын болады. Жаңа нысандардың бірінші қабатында балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, медициналық орталық ашылу үстінде.

Жалпы биыл 12 мектеп салынады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп. 2021 жылы да осы мөлшерде білім ордасы салынады. Мұнан бөлек осы жылы 26 білім беру нысаны жөнделеді.


Соңғы жаңалықтар