Елордада Ермек Серкебаевтың концерті өтті

АСТАНА. Маусымның 13-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Кеше елорданың Президенттік мәдениет орталығында танымал опера әншісі Ермек Серкебаевтың шығармашылық кеші өтті,

Елордада Ермек Серкебаевтың концерті өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мен елорда жұртшылығы алдында ән шырқағаныма қуаныштымын. Астанада концерт қою ? менің жұбайымның идеясы», - деді Е.Серкебаев. Әнші келесі жолы концерт ұйымдастырушыларынан ұсыныс түспесе де, өзі келетінін айтты.Айта кететін жайт, концерт бағдарламасында майталман әнші Арқа өңірінде дүниеге келген халық әндері мен осы аймақтың композиторларының туындыларын орындады. Шығармашылық кеште Е.Серкебаев көрермендерімен әзілдесіп, пианинода жанды дауыспен ән салды. Арасында өз өмірінен, ата-анасы мен туған жері Қызылжар өңірі жайында әңгіме айтып отырды.