Елордада Есіл өзені мен Нұра-Есіл каналы арқылы өтетін екі көпір салынып жатыр
Елордада көшелерге артылған шамадан тыс жүктемені азайту үшін жолайрықтар, көпірлер мен өткелдер салынып жатыр. Биыл 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады. Осы жылы жоспарланған жол жұмысының 70% елдімекендерде жүргізіледі. Жөндеу жолдарының құрылысы әкімдіктің бақылауына алынған.
«№39 (Тәуелсіздік) көше мен №27 көшені жалғайтын (Nova City ТК аумағы) жол саламыз. Бұл көше әуежайға мен «Тельман» елдімекеніне қарасты жолды жалғауға мүмкіндік береді. Елдімекен тұрғындарының қалаға жол жүру уақыты едәуір қысқарады. Сонымен қатар, Мәңгілік ел және Ұлы дала даңғылдарындағы көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Осы жаңа көшеден Есіл өзені мен Нұра – Есіл каналы арқылы өтетін екі көпір болады, қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Көпірлер оң және сол жағалауды жалғап, қаланың екі бөлігін жалғауға мүмкіндік береді», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен кездесу, азаматтарды қабылдау және есеп беру кездесулерінде қала тұрғындары жолдарды асфальттау мәселесін көтергенін атап өтті.
«Біз барлық ұсыныстарды жинап, кесте құрдық, қыс бойы дайындық жұмысын жүргіздік. Биыл жөнделіп жатқан жолдар бірнеше критерий бойынша таңдалды. Бұрын асфальт болмаған жолдарды таңдадық. Мұндай жолдардың көбі елдімекендерде орналасқан. Сонымен қатар, жаңа автобус бағыттары іске қосылатын көшелер мен қозғалыс қарқыны жоғары көшелер қамтылды. Сапасыз жолдарды қабылдамаймыз. Жол сапасыз болған жағдайда мердігерлер өз есебінен жолды қайта жөндейтін болады», - деп атап өтті елорда әкімі Алтай Көлгінов.