Елордада этникааралық тақырыпта белсенді қалам тартқан БАҚ редакцияларына гранттар тапсырылды

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде этникааралық тақырыпта белсенді қалам тартқан БАҚ редакцияларына гранттар тапсыру рәсімі өтті.

Елордада этникааралық тақырыпта белсенді қалам тартқан БАҚ редакцияларына гранттар тапсырылды

Аталған гранттарға «Хабар», «Қазақстан», «Мир» телеарналары, «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігі және тағы да бірқатар БАҚ ие болды. Сондай-ақ БАҚ өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен де марапатталды.

Сыйлықтарды табыс ету Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этникааралық қатынастар мәселелері жөніндегі сарапшылар мен Жетекші журналистер клубының отырысы аясында өтті. Құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов клуб отырысының Халықаралық толеранттық күніне орай өткізіліп отырғандығын баса айтты.

Гранттар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен бөлінді.