Елордада футболдан қысқы біріншіліктің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесінде футболдан қалалық біріншілік пен футзалдан Астана қаласының біріншілігінің чемпионы мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп жазады astana.gov.kz.

Елордада футболдан қысқы біріншіліктің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Марапаттау рәсімі мереке күні «Астана Арена» стадионында болды. Соңғы 11-кезеңде «Наша кампания» матчтың соңғы минуттарында «Астана-97» командасынан басым түсті. Турнир барысында көш бастаған «Наша кампания» командасы футболдан Астана қаласының чемпионы атанды. Салтанатты шараны Қазақстан Республикасының спорт шебері, белгілі футболист және КФЛ жетекші маманы Павел Демян ашты. Ол біріншіліктің жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Жүлдегер командаларға алғыс хаттар, ал ойыншыларға медальдар мен дипломдар табысталды. Сонымен қатар, жарыс барысында үздік ойыншылардың есімдері анықталды. Үзлік қақпашы атағын Юрий Дмитриев («Батыр») алса, Әнуар Түкенов («НК-1») үздік қорғаушы атанды. Ербол Изекенов («Прогресс») үздік жартылай қорғаушы деп танылды. Турнир барысында ең көп гол соққан Асхат Баймолдаев («Батыр») болды. Самир Кулиев («Достар») бірауыздан үздік ойыншы атанды. Сондай-ақ, футзалдан қалалық біріншілікке қатысушылар да дипломдар мен медальдарға ие болды. Бұл жарыста 9-кезеңде 23 ұпай жинаған «Семей» командасы алтын қанжығалады. «Батыр» командасы күміс алса, қола «Прогресс» командасына бұйырды. Жарыста үздік футболшы атанғандар: «Семейлік» Руслан Сәбитов (үздік қақпашы), «Батыр» командасының ойыншысы Дмитрий Каминский (үздік қорғаушы), «Семей» командасынан Дархан Юсупов (үздік шабуылшы), «Прогресс» командасының ойыншысы Қуаныш Әбдуәлиев (үздік ойыншы).