Елордада героин сатқаны үшін 38 жасар азамат ұсталды

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Елордада героин сатқаны үшін 38 жасар азамат ұсталды, деп хабарлайды Көліктегі орталық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

Көліктегі орталық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 38 жасар қала тұрғынын ұстады, жеке тінту кезінде одан салмағы бір грамнан асатын героин есірткісі табылып, тәркіленді.

Тергеу барысында анықталғаны, ұсталған азамат осыған дейін бірнеше рет героин есірткісін сатқан екен. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 259 бабы 1-1 бөлімі (Аса ірі көлемде есірткі құралдары мен психотропты заттарды заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сату үшін сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат Астана стансасындағы ЖІІБ уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, оған жеке мүлкін тәркілеу мен үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар