Елордада «Гофман ертегілері» операсының премьерасы өтеді
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - 25 ақпанда Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының сахнасында Эрнст Теодор Амадей Гофман новелласының желісі бойынша Ж. Барбьенің либрретосына жазылған Жак Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсының премьерасы өтеді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, басты партияларда Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының жетекші опера солистері қатысады.
Қоюшы режиссер - Беларусь Респубикасы Ұлттық академиялық опера және балет театрының бас режиссері Михаил Панджовидзе, қоюшы дирижер - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, қоюшы суретші - Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайреткері, Новосибирск опера және балет театрының бас суретшісі Игорь Гриневич, сондай-ақ жарық бойынша суретші - Сергей Шевченко, компьютерлік графика және мультимедиа бойынша суретші Павел Суворов.