Елордада «Гүл жайнаған Астана» атты гүлдер фестивалі өтуде

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астана күні мерекесіне орай, елордада «Гүл жайнаған Астана» атты гүлдер фестивалі өтуде,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Алғаш рет ұйымдастырлып отырған шара қаланы көріктендіруге, жасылдандыруға атсалысып жүрген адамдарды - дизайнерлерді, флористерді елорданың туған күні іс-шарасына қатыстыруға бағытталды. Бүгін 24  гүл өсіруші шараға өздерінің өнер шығармаларын алып келіп отыр. Олар  гүлден жасаған композицияларын, дизайнерлік шешімдерін елорда тұрғындарының назарына ұсынуда.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальде тек көрме ғана емес, гүлдер сатылымы, гүл шоқтарын қалай безендіруді, икебана жасауды үйрететін шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.       

 «Бүгінгі шараға Голландия, Ресей, Германия сынды елдерден гүл өсіруші шеберлер келді. Олар қазақстандық гүл безендірушілермен тәжірибе алмасып, бірлесіп жұмыс жасайтын болады. Осында раритетті көліктерді гүлмен көркемдейді. Қалада үйлену тойын жасап жатқан жастарға гүл салтанаты жасалады. Сол рәсімде қалыңдықтың шашын, сәнді киімдерін гүл композицияларымен әшекейлейді», деді Алматы ауданының әкімі Сапар Ахметов.

 Гүлдер фестивалі кезінде Астана күнімен орайлас шаңырақ көтеріп жатқан 30 жұп «Отан қорғаушылар» алаңында жалпықалалық неке қию салтанатын өткізуде.

Соңғы жаңалықтар