Елордада «Ғұмырдария» естелік-эссе кітабының тұсаукесері өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Астанадағы «Достық» үйінде қоғам және саяси қайраткер Ерсұлтан Бектұрғановтың «Ғұмырдария» естелік-эссе кітабының тұсаукесері өтті.

«Фолиант» баспасынан жарық көрген бұл туындыда автор өз өмірінен сыр шертеді, өмірлік тәжірибесімен бөліседі. Бақыттың кілті еңбекте екенін дәріптейді. Адам бойындағы басты қасиеттер адалдық, еңбексүйгіштік пен ізеттілікті негізгі құндылықтар ретінде көрсетіп, оқырманын ізгілік жасауға шақырады.
Е. Ө. Бектұрғанов 1952 жылы Өзбекстанда дүниеге келген. Жамбыл жеңіл тамақ өнеркәсібі технологиясы институтын (қазіргі М. Х. Дулати атындағы өңірлік университет)1976 жылы тәмамдаған. Мамандығы — инженер-механик. Дипломатиялық акадамияны бітірген, 1-сыныпты кеңесші деген дипломатиялық атағы бар.
Ол еңбек жолын өзі бітірген оқу орнында ұстаз болудан бастаған. Одан кейін он жыл Талдықорған өңірінде саяси-әкімшілік қызметттер атқарып, тәжірибесі толыға түсті. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдарда Жетісу өңіріндегі әкімдіктің ең бірінші құрылған апппаратын басқарды. Одан соң ҚР Сыртқы істер министрлігінің хатшысы, Қазақстанның Германиядағы консулы, ҚР Президенті әкімшілігінің кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болды. 2012 жылы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланы, V–VI шақырылымдарда абыройлы қызмет атқарды. Қазіргі кезде де жастармен өзінің мол тәжірибесімен бөлісуде, бірнеше қоғамдық ұйымдардың мүшесі, «QAZINDUSTRY» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры.
Қажырлы еңбегі мемлекет пен қоғам тарапынан жоғары бағаланып, «Ерен еңбегі үшін» меделімен, «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған. Екі рет Президенттің алғысын алып, омырауына «Алтын барыс» белгісін тақты. Ол мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы.
Тұсаукесер рәсімін мемлекет және қоғам қайраткері, Мәжілістің V–VI шақырылымдарының депутаты, генерал-лейтенант Абай Тасболатов жүргізді.

Тұсаукесерде мемлекет және қоғам қайраткері, «Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдары» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, генерал-лейтенант Владимир Божко, Парламенттің бірнеше шақырылымының депутаты, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев, экс-көлік министрі Юрий Лавриненко, «Вымпел» арнайы бөлімі құрамында болған генерал Нағашыбай Атшабаров, «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Нұркен Асанов, қоғам қайраткері Бақыт Демеева, Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембинов, ҚР ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман, мемлекеттік қызметтің ардагрі Есенқұл Сафуани, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп, Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Рустамжан Хакимов, «Ұлы ғасыр» қорының бас директоры Болатбек Ысқақов, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Рәтбай Мырзақұлов, экономика ғылымдарының докторы, академик Орақ Әлиев және тағы басқалар кітап жайлы пікір білдірді.
— Кітаптың ерекшелігі — авторлық эгоизм деген жоқ. Көбінесе өзін емес, бірінші планға қоғамды, сол еліміздің тарихын және қандай жағдайда, қандай сәтте, кіммен қалай жұмыс істегені туралы айтылады, — Мұхтар Ерман.

Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов пен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев Ерсұлтан Бектұрғановқа «Қоғам қайраткері-Жамоат арбоби» алтын медалін тапсырды.
Шара барысында жиналған қауым кітаптың мазмұны мен көркемдік деңгейін жоғары бағалады.
Осыған дейін шетелдегі қазақ ақын-жазушыларына арналған 9 кітаптың тұсаукесері өткенін жазған едік.