14:37, 09 Қазан 2013 | GMT +5
Елордада Хакасия мен Алтай петроглифтеріне арналған көрме ашылады
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Астанада Хакасия мен Алтай петроглифтеріне арналған көрме ашылады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында мәлім болды.
Атап айтқанда, Қазіргі заман өнерінің «Шежіре» галереясы жартасқа жазу өнеріне негізделген Хакаси және Алтай петроглифтеріне арналған көрмеге шақырып отыр. Бұл шара 9 қазанда елордадағы Ресей ғылым және мәдени орталығында өтеді.
Көрмеде петроглифтердің көшірмесі, яғни эстампаждық әдіспен қағазға басылған түрі жұртшылық назарына ұсынылмақ.