Елордада «Халқының ұлы перзенті» атты мерекелік концерт өтіп жатыр

Ол елордада өтіп жатқан мерекелік іс-шараларды салтанатты қорытындылайды. Елорданың ресми сайтының жазуынша, концертте басқа шығармалармен қатар Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне жазылған әндер де орындалады.
Концертте Молдова, Башқұртстан, Украина, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Өзбекстан республикаларының әртістері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетуде. Роза Рымбаева, Қарақат Әбілдина, «МузАРТ», «Бәйтерек» топтары және басқалар музыкалық кештің қонақтары болды.
«Сазген сазы» ансамблі мен Астана қаласының эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен шетелдік әртістер қазақтың халық әндерін орындады. Атап айтқанда, Беларустың «Камерата» вокальдық тобы қазақтың халық әні «Дедімай-ау»-ды, Молдова Республикасының халық әртісі Константин Москович - Л. Хамидидің «Бұлбұлын» орындады. Ал Армениядан келген халықаралық байқаулардың лауреаты Каринэ Асирян қазақтың халық әні «Бір баланы», өзбекстандық әртіс Рамиза Усманова - Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқайды.
Сондай-ақ, концертте Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Үш қоңыр» әнін «МузАРТ» тобы мен «Сарыарқаны» «Бәйтерек» тобы орындайды. «Елигай» балалар хорының орындауында Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Менің қалам» композициясы шырқалады.