Елордада халықаралық ғарыш форумы жұмысын бастады

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада алғашқы жасанды жер серігінің ұшырылуының 60 жылдығына арналған «Ғарышқа қазақстандық жол: Жүзеге асуы мен даму келешегі - 2017» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

null
«Бүгінде «Байқоңыр» бүкіл адамзаттың игілігіне айналды десек артық айтқандық емес. Осынау тамаша, бірегей кешен бұрынғы Кеңес одағындағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі көптеген технологиялардың даму бастауында  тұр. Қазіргі уақытта ресейлік әріптестермен кешенді одан ары дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Онда ғарыш айлағының қолданыстағы нысандарының базасында ғарыш жобаларын жүзеге асыруға қатысты біздің арендалық  байланыстарымызды жалғастыру шарттары көзделген», - деді халықаралық форумның ашылуына сөз сөйлеген , ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.
null 

Оның атап өтуінше, тұжырымдаманың басты мақсаты экологиялық тұрғыда қауіпсіз жаңа ғарыштық зымыран кешенін әзірлеу жөніндегі «Бәйтерек» жобасы саналатындығын атап өтті.

«Бұл жоба ағымдағы жылы басталды. Біз жаңа кешенді 2022 жылы алғаш рет ұшыруды жоспарлаудамыз. Қазақстан тарабы жерүсті кешендері мен инфрақұрылымына қатысты жұмыстарды жүргізссе, ресейлік тарап зымыран дайындаумен айналысатын болады. Бұл - кескіндемесі барынша күрделі орташа зымыран», - деді министр.
null 

Айта кетейік, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырып жатқан форумның мақсаты - экономика саласындағы мәселелерді шешу үшін ғарыш қызметіндегі нәтижелерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу, соңғы 10 жылдағы ғарыш қызметінің қорытындысын қарастыру, сонымен қатар әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанның ғарыш саласын дамыту жоспарларын талқылау. Шараға 18-ден аса елдің 500-ден аса ғарыш мекемелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері, танымал ғалымдар, ғарыш технологиясы саласындағы әлемнің жетекші компанияларының мамандары қатысуда.
null null null 

Соңғы жаңалықтар