Елордада Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті ұсыныс жасады
«ТМД-ға мүше мемлекеттердің бас прокурорларымен Нұр-Сұлтанда, Қазақстан Республикасының тамаша астанасында кездесіп отырғаныман өте қуаныштымын. Халықаралық прокурорлар қауымдастығының атынан және шын жүректен ТМД-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысымен құттықтаймын. ХПҚ президенті ретінде мен үшін мұндай беделді мәжіліске қатысу – үлкен құрмет», - деген Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті тарнсұлттық қылмысты тежеу үшін өзара сенімге құрылған байланыс орнату маңызды екенін атады.
«Халықаралық прокурорлар қауымдастығы осы үйлестіру кеңесінің мәжілістеріне 2017 жылдан бері қатысып келеді. Мен халықаралық прокурорлар қауымдастығы сіздермен жақын әріптестерге айналып кеттік деп ойлаймын. Санкт-Петербургте Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы өкілдігі келесі айда ресми түрде іске қосылады. Сондықтан халықаралық прокурорлар қауымдастығы ТМД бас прокуорларының үйлестіру кеңесімен мейлінше тығыз байланыста жұмыс істейді деп күтіп отырмыз. Егер осы екі ұйым бірлескен өңірлік конференция өткізсе, келешектегі жақын әріптестікті ынталандыруға жол ашар еді. Мен біздің ұйымдардың бірге жұмыс істеуін жалғастыратынына сенімдімін. Осы арқылы трансұлттық қылмысқа бірлесіп жауап бере аламыз деп ойлаймын. Нәтижесінде өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады», - деді ол ТМД-ға мүше мемекеттердің бас прокуорларының үйлестіру кеңесінің отырысында.
Сондай-ақ, ол аталмыш ұйым халықаралық прокурорлық қызметтің жұмысын күшейтетін үлкен платформа құрылатынын атады.
«Халықаралық прокурорлар қауымдастығы қазір 26 жылдан астам уақыт ішінде жұмысы жолға қойылған жаһандық желі базасында халықаралық прокурорлық әріптестіктің платформасын құруға жұмыс істеп жатыр. Бұл плафторма прокурорларға нақты кезеңде өзара әріптестік орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай платформа ТМД-ға мүше елдердің прокурорларының мүмкіндігін арттырады деп сенемін», - деді ұйым басшысы.