Елордада халықаралық сүт безі рагынан сақтандыру күніне орай «Ашық есік күні» шарасы өтіп жатыр
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық сүт безі рагынан сақтандыру күні.
Осыған орай Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері елордадағы №4 емханада «Ашық есік күні» шарасын өткізуде. Аталмыш акция барысында тегін медициналық тексеру жүргізіліп, дәрігер мамандардан ақыл-кеңес алуға болады. Сонымен қатар қажет деп тапқан азаматтарға өз кеуделерін тексеру әдісі үйретіледі.