Елордада Халықаралық таеквандо орталығы ашылды

СТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанадағы Қазақ Гуманитарлық Заң университетінде профессор М. Нәрікбаев атындағы Халықаралық таеквандо орталығы ашылды,

Елордада Халықаралық таеквандо орталығы ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс жекпе-жегіне деген ерекше ынтаның арқасында Кореяның таеквандо федерациясы М. Нәрікбаевқа спорттың осы түрі бойынша 7-ші дан иегері атағын берді. Соңғы жылдарда спорт әлемінде тиесілі орын алып келе жатқан таеквондо өнері Қазасқтанда да қарқын алып келеді.

«Орталықтың ең басты мақсаты - халықаралық дәрежеде таеквандо қозғалысының дамуына жағдай жасап, азаматтардың салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылдануына жағдай жасау. Сонымен қатар денесін шынықтырып, рухани дамып, тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосу», дейді М. Нәрікбаев.

Оның қызметіндегі барлық ұйымдастырушылық жұмысты Астанадағы Корея Ұлттық орталығы жүргізетін болады.

«Биыл Қазақстан жерінде алғаш рет таеквандодан Азия чемпионаты өткізілді. Онда қазақстандық спортшылар алтын медальдарды жеңіп алды. Меніңше орталықтың ашылуы елдегі спорттың дамуына және спортшылардың халықаралық додаларда, олимпиада ойындарында үлкен жетістіктерге жетулеріне үлесін тигізеді», деді Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ли Бен-Хва

2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында таеквандо олимпиадалық спорт түрі деп танылған болатын. Қазіргі уақытта бұл спортпен әлемнің 191 елінде 70 миллионнан астам адам шұғылданады. Шығыс жекпе-жектері арасында таеквандо тарихы терең ең көне спорт түріне жатады. Ол тек денені шынықтырып қана қоймай, адамның ақыл-парасатын жетілдіреді.