Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордада халықаралық үрмелі аспаптар фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда күні мерекесіне орай Қазақстанның және  шет елдердің үздік үрмелі аспаптар оркестрлері осымен 8-ші жыл қатарынан «Астана Самалы» халықаралық фестивалінде бас қосады. 4-6 шілде күндері аралығында қаланың барлық алаңында әдемі әуендер естілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Елордада халықаралық үрмелі аспаптар фестивалі өтеді

Биыл фестивальге Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының, ҚР Ұлттық ұланның, МКҚ-ның, Моңғолия Қорғаныс министрлігі Әскери училищесінің, сондай-ақ Бішкек қаласының Мэриясы жанындағы үрмелі аспаптар оркестрлері қатысады.

Шараның ашылуы 4 шілдеде сағат 20.00-де қалалық алаңда өтеді. Келесі күні сағат 10.00-де музыкалық мереке қалалық саябақтарда және басқа алаңдарда жалғасын табады. Ал кешке «Бәйтерек» монументінің жанында бэнд-марафон ұйымдастырылады. Фестивальдің соңғы күні барлық ұжымдардың қатысуымен Парад-концерт өтеді.

Шеру Республика даңғылымен Әскери-тарихи музейден Жастар сарайына дейін жүріп өтеді.

«Астана Самалы - 2017» фестивалі қалалық алаңда Плац-концертпен аяқталады.