Елордада халыққа арналған қаржы өнімдерінің «Investfunds Expo-Weekend-2010» көрмесі ашылды

СТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордадағы «Азия парк» сауда-ойын сауық орталығында халыққа арналған қаржы өнімдерінің «Investfunds Expo-Weekend-2010» көрмесі ашылды.
None
None

Шара барысында сөз алған Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Нұрпейісов, бұл көрменің негізгі мақсаты халықты қаржы ұйымдарының қызметімен таныстыру, қор нарығындағы жеке инвестициялау тетіктерін ажырата білуге көмектесу екендігін атап өтті.

«Біздің міндетіміз - нарықтағы қаржылық құралдар мен қызметтерді байыпты түрде қолдануға үйрету. Өйткені бүкіл халықтың қаржылық сауаттылығы елімізің экономикалық өсімінің негізі болып табылды», дейді ол.

Бұл көрме әл-ауқатын арттыруға, мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржылық құралдарды табуға ниетті кез келген қарапайым азаматқа арналған. Одан елордалық тұрғындар қаржы нарығына қатысты толық ақпарат алып, өздерін толғандырып жүрген сауалдарға сарапшылар тарапынан жауап ала алады.

Көрмеге 10-ға жуық брокерлік және басқарушы компаниялар, Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығының академиясы, Жеке инвесторлар клубы қатысуда. Аталған шара сәуірдің 11-іне дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар