Елордада «Халықтың сүйіктісі - 2011» сыйлығы табыс етіледі

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат  - 17 қаңтар күні елордада «Халықтың сүйіктісі - 2011» сыйлығы табыс етіледі, деп хабарлады «Республика-Өңір-Даму» қоғамдық қоры.

Елордада «Халықтың сүйіктісі - 2011» сыйлығы табыс етіледі

Қордың хабарлауынша, сыйлық «Саяси сәуегей», «Қажымас депутат», «Данагөй ақсақал» сынды барлығы 9 аталым бойынша табысталады. Оған халықтың сүйіспеншілігіне бөленген эстрада жұлдызы, спортшы, шенеунік, жалпы, өз саласының қаһарманы болып табылатын тұлға номинант болмақ.

«Думан» қонақ үйінде өтетін сыйлықты тапсыру салтанатына орайластырылып, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Валерий Крестниковтың еліміздің танымал қайраткерлеріне арнап салған картиналарының кормесі ұйымдастырылады.