Елордада «Хайвилл» ТК тұрағына қойылған көлік өртеніп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Хайвилл» ТК тұрағына қойылған көлік өртеніп кетті. Оқиға 23-інен 24 қыркүйекке қараған түні болды.
Куәгерлердің айтуынша, көлік «Хайвилл» Тұрғын үй кешеніне қарасты тұрақта тұрған. Тілсіз жау жалмаған көлік тағы екі көлікке таяу тұрған. Өрт оларды да шарпуы мүмкін еді.
Оқиға орнына бірер минут салып өрт сөндірушілер келіп жетті. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.