Елордада ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді
Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар автоХҚО-лар қызмет алушыларды дүйсенбі-сенбі күндері аралығында 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын елордалықтар ХҚО-ға дүйсенбі-жұма күндері 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні 09.00-18.00 аралығында жүгіне алатын.
Сондай-ақ, ХҚО-ларда әлі де карантин талаптарына сай бетперделік режим және дистанция сақталады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайы:
№1 Есіл аудандық бөлімі – Мәнгілік ел даңғылы, 30;
№2 Есіл аудандық бөлімі – Сауран көшесі,7;
Алматы аудандық бөлімі –Тәуелсіздік даңғылы, 32;
Байқоңыр аудандық бөлімі –Абай даңғылы, 80;
№1 Сарыарқа аудандық бөлімі –Республика даңғылы, 43;
№2 Сарыарқа аудандық бөлімі –С409 көшесі, 13;
№1 мамандандырылған ХҚО –20 – 40 көшесі, 2.
№2 мамандандырылған ХҚО –А-82 көшесі, 8 («Нұрлы-жол» вокзал кешені ғимараты)
Еске сала кетейік, біз бұған дейін астаналық ХҚО-лардың ақпараттық жүйелері кідіріспен жұмыс істеп тұрғанын хабарлаған болатынбыз.