Елордада иіс тиіп уланып қалған екі бала мен әйел ауруханаға түсті - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Астанада үш адам иіс тиіп уланып, ауруханаға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеше, наурыздың 25-і күні пештегі ақаудың салдарынан Манас көшесіндегі №44/4 тұрғын үйден үш адам: 3 және 6 жастағы екі бала мен 30 жастағы әйел иіс тиіп уланып, аруханаға түсті.