Елордада ішімдікке еліткен жас жігіт көлігімен атогрейдерге соғылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ішімдікке еліткен жас жігіт көлігімен атогрейдерге бетпе-бет келіп соқтығысты. «Рено» көлігін тізгіндеген жігіттің жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада ішімдікке еліткен жас жігіт көлігімен атогрейдерге соғылды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін түнгі сағат 00:25-те Құдайбердіұлы көшесімен жүріп келе жатқан жас жігіт Мүсірепов кешесімен қиылысқа жеткенде рульге ие бола алмай қалып, жол тазалап келе жатқан автогрейдерге соғылған. Жол-көлік оқиғасынан кейін «Рено» көлігінің жүргізушісі қалалық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

«Медициналық куәландыру қорытындысымен ер адам ішімдікке орташа деңгейде мас болғаны анықталды. Сонымен қатар ол көлік құралдарын басқаруға жүргізуші куәлігін алған тұлғалардың республикалық мәліметтер базасында жоқ болып шықты. Әкімшілік соттың шешімімен жас жігіт мас күйде әрі көлік құралын басқару құқығынсыз жүргізгені үшін 20 тәулікке қамауға алынды», - деді ведомстводан.