Елордада ішінара автокөліктер қозғалысы жабылатын болады

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Осы жексенбі күні, сәуірдің 25-інде жылу жүйелерінің жөндеу жұмыстарына байланысты, Жеңіс даңғылының Ә.Молдағұлова көшесімен қиылысқан ауданында ішінара автокөліктердің қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД ЖҚБ баспасөз қызметі.

Елордада ішінара автокөліктер қозғалысы жабылатын болады

Дайындық жұмыстары жүргізіліп те жатыр.

Энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, бұл аудандағы жылу желілерінің құрылысы 2010 жылдың 29-шы сәуірінде аяқталады.