Елордада Ішкі әскер комитетінде Конституция күніне арналған мерекелік шара өтті

АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін Астана қаласы ІІМ Ішкі әскер комитетінде Конституция күніне арналған мерекелік шара өтті,

Елордада Ішкі әскер комитетінде Конституция күніне арналған мерекелік шара өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқы Негізгі заңын қабылдап, әлеуметтік, демократиялық, құқықтық мемлекеттің мүддесі үшін тарихи таңдау жасады. Конституция бостандығымыздың негізі. Елбасының көрегендік саясатының арқасында қазақстандықтар игі қадамдарға бет бұрды, тәуелсіздіктің тұғырын мықты ұстап, болашаққа бағыт алуда», - деді ҚР ІІМ Ішкі әскер қолбасшысының әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Әбдісадық Ережепов.

Мерекелік шара барысында бірқатар әскери қызметкерлер төс белгімен, грамоталармен марапатталды. Конституция күніне арналған іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.