Елордада «Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында суицидті психологиялық алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат -Қыркүйектің 10-ы Бүкіләлемдік суицидті болдырмау күні. Осыған орай кеше Астана қалалық ішкі істер департаментінің психологиялық қызметі «Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында суицидті психологиялық алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.
None
None

Алқалы жиынға Астана қалалық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан Бейсеев, департамент емханасының дәрігер-психиатры Бибіжамал Бәйкенова, Астана қалалық Психикалық денсаулық мәселелері медициналық орталығының меңгерушісі Елена Наконечникова, елордалық гарнизон Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Танабергенов, Үкіметтік мекемелерді күзету полкінің, Мамандандырылған күзет қызметінің, Көліктегі Орталық ішкі істер департаментінің психолог-инспекторлары және қалалық департаменттің жеке құрамы қатысты.

«Семинардың негізгі мақсаты - суицидтік қауіп-қатердің негізгі себептерін анықтау, ІІО қызметкерлері арасында төтенше жағдайлар фактілерінің алдын алу және болдырмау, қарамағындағы қызметкерлердің психоэмоциялық бұзылу белгілері байқалуды анықтау бойынша ұжым басшыларын бөлініс психологтарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге шақыру», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар