Елордада «Іздеу» операциясы жүріп жатыр

АСТАНА. Қыркүйектің 19-ы. ҚазАқпарат -  Ауыр және өте ауыр қылмыстар жасағаны үшін тергеуден, істің ақ-қарасын анықтаудан және соттан қашып жүрген қылмыскерлерді ұстау мен іздестіруді тиімді ету, сонымен қатар Астана қаласындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында елордада қалалық ІІД-нің жеке құрамы мен автокөліктерінің қатысуымен «Іздеу» атты кең көлемді операция жүріп жатыр,

Елордада «Іздеу» операциясы жүріп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық ІІД тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораздың айтуына қарағанда, осы іс-шара барысында криминалдық полиция қызметкерлері 15 қылмыскерді құрықтаған, оның 2-уі ТМД-елдерінің азаматтары. Мәселен, жедел  іздестіру іс-шарасы барысында қолға түскен өзбекстандық азамат өз мемлекеті аумағында лаңкестік әрекеті үшін іздестірілуде екен. Қазіргі уақытта осы қылмыскерді Минск конвенциясына сәйкес өз Отанына беру мәселесі қарастырылып жатыр.

 Сонымен қатар із-түзсіз жоғалған 10 азаматттың тұрғылықты жері анықталса, олардың 4-уі - кәмелеттік жасқа толмағандар.