Елордада КамАЗ құбырды зақымдап, тұрғын үйлер жылусыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының Сарыарқа ауданында жылу беру құбыры жарылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«КамАЗ жүргізушісі мұнара кранының құрылымын тасымалдау кезінде сыртқы магистральдық жылу беру тарссасын зақымдады. Салдарында Сарыарқа ауданы, Ы. Дүкенұлы көшесі, 30-үйдің маңында құбыр жарылды.
Зақымданған аумақты оқшаулаумен «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның жедел мобильді топтары айналысып жатыр», - деп мәлім етті елорда әкімдігінен.
Жылу құбырын қалпына келтіру жұмыстары барысында Ы. Дүкенұлы көшесі жартылай жабылған. Әкімдік ақпараты бойынша бірқатар әкімшілік нысандар мен тұрғын үйлер жылудан ажыратылған. Жоспарға сәйкес қалпына келтіру жұмыстары 5-8 сағат көлемінде жүргізіледі.
Ашық көздерден алынған фото