Елордада қарақшылық шабуыл жасаған Арқалық қаласының тұрғыны ұсталды

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Сарыарқа аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшілігіне көңіл көтеретін орындардың бірінде белгісіз азаматтың «күзетші» атты травматикалық қаруымен қарақшылық шабуыл жасап,

Елордада қарақшылық шабуыл жасаған Арқалық қаласының тұрғыны ұсталды

қала тұрғынынан 76 000 теңге ұрлап әкеткені туралы хабарлама келіп түскен. Бұл ақпаратты Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Арқалық қаласының тұрғыны, жұмыссыз, осы дәмханаға көп келетін 19 жасар жігіт ұсталды. Қаскүнем кінәсін толығымен мойындап, одан айғақты заттар - ақша мен қару тәркіленді. Сонымен қатар ол уақытша оқшаулау орнына қамалды
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ұсталған тұлғаның Астана қаласында болған қарақшылық шабуыл мен тонауларға қатыстылығы тексерілуде.