Елордада «Қараөткел 2010» деп аталатын Қазақстан агроөнеркәсіп кешені жетістіктерінің І жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Шілденің 31-і мен тамыздың 1-і күндері елордадағы «Метро» көтерме сауда орталығының аумағында «Қараөткел 2010» Қазақстан агроөнеркәсіп кешені жетістіктерінің І жәрмеңкесі өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев мәлім етті.

«Қараөткел» жәрмеңкесі біздің аграрлардың мал шаруашылығы саласында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының басқа да секторларындағы жетістіктерін көрсетуге бағытталған», деп атап өткен вице-министрдің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы оған 300-ден астам компания қатыспақ. Қатысушылардың арасында мемлекеттік органдардың, қайта өңдеу кәсіпорындарының өкілдері, техникалар мен құрал жабдықтарды жеткізушілер, шаруа қожалықтардың басшылары, сонымен қатар Қазақстанның және шет елдердің ғылыми және іскерлік өкілдері қатысады.

Сонымен қатар жәрмеңке аясында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін ауыл шаруашылығындағы маркетинг, мал шаруашылығы саласындағы және ауыл шаруашылығын қайта өңдеудегі ғылыми жетістіктер бойынша семинар-кеңестер өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар