Елордада каратэ-додан Азия чемпионаты өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13-16 шілде аралығында Қазақстанның каратэ-до федерациясы ересектер арасында XIV чемпионат және жасөспірімдер мен кадеттер арасында XVI Азия чемпионатын өткізеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада жасөспірімдер мен кадеттер арасында (14 жастан 20 жасқа дейін) Азия чемпионаты өтеді. Онда Азия құрлығынан 30-ға жуық елден 700-ден астам қатысушы өзара мықтыны анықтайды. Азия біріншілігі Қазақстанда алғаш өтеді, бұған дейін Малайзия, Сингапур, Жапония және Қытай мемлекеттерінде өткен болатын. Жарыс Азияда ғана емес, бүкіл әлемде есімі белгілі спортшыларды жинайды.

Каратэ-додан Қазақстан ұлттық құрамасының намысын 70 қатысушы қорғайды. Олардың ішінде әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары бар.

Каратэ олимпиадалық ойын түрлері қатарына қосылғандықтан, бұл құрлықтық чемпионатта рейтингтік ұпайлар берілетін болады. Мемлекет ішінде ең көп ұпай кадеттер мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы Сағындықов Ринаттың еншісінде - 1215 ұпай бар. Бірнеше дүркін чемпион ересектер арасында 67 келі салмақ бойынша сынға түседі.

Жарыс аясында төрешілер үшін тәжірибелік және теориялық семинарлар өткізіледі. Онда «Judge B» санатына халықаралық төрешілерді аттестаттау болады. Турнир барысында шетелдік спортшыларды «ЭКСПО-2017» көрмесіне апару ұйымдастырылады.

Кез келген адам жарысты тамашалай алады, кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар