Елордада қарттарға арналған шағын орталық ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұрсая» тұрғын үй кешенінде «Есіл» ауданы әкімі аппараты мен ПИК қауымдастығының қолдауымен ауданда қарт адамдарға арналған алғашқы шағын орталық ашылды.

Елордада қарттарға арналған шағын орталық ашылды

Астана әкімдігінің сайтының хабарлауынша, жыл сайын қалада қарт адамдарға арналған шағын орталықтар ашылады. Мұнда қарттардың бір бірімен кездесуіне, шахмат, дойбы ойнауына, кітап оқып, бірге шай ішуіне болады. Орталық сыйымдылығы - 30 адам.

Сонымен қатар, Есіл ауданының Ардагерлер кеңесі өз жұмысын жоспарлау және талқылау үшін семинарлар мен кездесулер өткізе алады. Сондай-ақ, орталықта аптасына бір рет ардагерлердің өтінішін қабылдау жүргізіледі.

Жалпы, елордада қарт адамдарға арналған 15 шағын орталық жұмыс істейді. Онда қарияларға арналған демалыс клубтарында түрлі үйірмелер жұмыс істейді, шахмат жарыстары, поэзия күндері, мерейтой иелерін құттықтау, семинарлар мен т.б. шаралар өткізіледі.