Елордада «Кәсіпкер ана» әлеуметтік жобасының менторлары марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Кәсіпкер ана» әлеуметтік жобасы бойынша көпбалалы аналарға кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреткен менторлар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіпкер ана» әлеуметтік жобасы өз-өзін ақтады: жақсы пікірлер айтылып жатыр. Бұл жобаның басшысына алғыс айтамыз. Бұл жоба көпбалалы, жалғызбасты, ерекше күтімді қажет ететін балатәрбиелеп отырған аналарға арналған. Бұл жобаға қатысуға бастапқыда 300 өтініш келіп түссе, бүгінгі таңда 100-ге жуық адам оқып шықты. Қазір бір мамандықты меңгеріп, өмір бойы сол салада жүре беретін заман емес «, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр марапттау рәсімінде.

Аталған жоба 2019 жылдың қыркүйек айынан елордада басталған.

»Ментор - әлеуметтік жобамызды қолдап, жоғарыда атап өткен әйелдерге ерікті түрде көмектесіп, өздері меңгерген істі, үйде отырып табыс табуға үйреткен адамдар. Бүгін менторлық жұмысын аяқтаған 20 менторға Алғыс хат береміз. Бірінші кезеңде 67 әйел осы менторлардан білім алды«, - дейді Жас кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы және осы жобаның негізін қалаушы Айнұр Әмірхан.

Оның айтуынша, жобаның барлық кезеңінде бизнес тренерлер, кәсіпкерлер, сарапшылар, шеберлер жұмылдырылуда. Бұл – маникюр, педикюр, шаштараз, мейкап, шугаринг, массажға үйрететін сән индустриясы, аспаз, кондитерлік бағытта оқытатын тағам индустриясы; графикалық дизайн, копирайтинг, SMM менеджменті саласындағы IT индустрия бағытындағы мамандықтар.

»Біздің мектеп SMM саласында жұмыс істеуді үйретеді. Мен осы жоба арқылы 13 әйелді оқыттым. Олар үй тапсырмасын орындап, әлеуметтік желі арқылы қолдан жасалған тағамдарын сатып жатыр. Олар негізі бұл ақылы түрде өтетін дәріс екенін, оларға тегін оқуға мүмкіндік берілгенін жақсы түсініп, айтқаныңды тез қабылдайды «, - дейді кәсіпкер Мәдина Ахметова.

Соңғы жаңалықтар