Елордада кәсіпорын басшылары жалған шот-фактура жазғаны үшін айыпталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жалған шот-фактура жазу фактісі бойынша бірқатар кәсіпорын басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада кәсіпорын басшылары жалған шот-фактура жазғаны үшін айыпталды

Бюджетке төленуі тиіс салық сомасы 220 млн теңгеден асады.

Жедел іздестіру шаралары барысында Х. есімді азаматтың басшылығымен бір топ адам жалған шот-фактура жазып беретіні, сондай-ақ ЖШС-ның бірнеше заңды тұлғаларынан қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыратыны анықталды.

Х. есімді азамат қылмыс үстінде қолға түсті.

ҚК 216-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.