Елордада кәсіптік даярлау курстары мен бос орындар жәрмеңкесі басталды
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Әміржан Рақымжановтың айтуына қарағанда, қазір елорданың еңбек нарығында қызмет ететін 30-ға жуық мекеме мен компаниялар жұмыс іздеушілер мен жоғары оқу орнын бітіргендерге жұмыс орындарын ұсынуда. Жәрмеңкені ұйымдастырушылардың мәліметіне қарағанда, осы шараға қатысуға ниет білдірушілер мен компаниялардың саны жыл сайын артып келеді. Осы жылы мәліметтер базасындағы бос жұмыс орындары саны 1500 болып отыр.
Сонымен қатар шараны ұйымдастырып отырған басқарма егер үміткер өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмаса, онда жаңа кәсіпті игеруге де мүмкіндік беретін жолдарды қарастырған. Осыған орай, қаланың 19 колледжі мен лицейлерінің базасында арнайы кәсіптік дайындық және қайта даярлық курстарын ұйымдастырған. Аталған оқу орындарының мамандары жәрмеңке барысында қажетті ақпараттар мен кеңестер беруде.
«Жұмыс іздеушілерге арналған жадынама бойынша әрбір адам өз кәсібіне байланысты білім алуға мүмкіндігі бар. Мәселен, білім алуға ниет білдірген азаматтар мамандығы бойынша бір жарым айдан бастап, 6 айға шейін оқып, ай сайын 7 500 теңге шәкіртақы алып отырады», дейді қала әкімінің орынбасары.