Елордада қай жастағы тұрғындар КВИ жұқтыруға бейім – дәрігер жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы КВИ жұқтырғандардың жас құрылымын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада қай жастағы тұрғындар КВИ жұқтыруға бейім – дәрігер жауабы

«Жас құрылымы бойынша 40-49 жастағы ересектер – 23,9 %, 50 жас және одан жоғары – 23,4 %, сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 20,3% осы инфекцияға көбірек бейім. Динамикада 14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтыру жағдайларының 5%-ға өсуі байқалады (қаңтар – 15,1 %, ақпан – 16,8 %, наурыз – 20,3 %). Бұл ретте наурыз айында 2-6 жастағы балалар арасында ауырғандардың саны 1,5 есе өсті», - деп түсіндірді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.

Сонымен бірге, спикердің айтуынша, негізінен ең көп ауруға шалдығушылар қатары жұмыскерлер – 43 %, жұмыссыздар – 22,3 %, зейнеткерлер – 11,7 %. Зейнеткерлер арасында ауырғандардың 2%-ға, оқушылар арасында – 3,4 %-ға (қаңтар – 9,6 %, ақпан – 11,6 %, наурыз – 13%) өскені байқалады.

Бұған дейін Сархат Бейсенова елордадағы КВИ жұқтыру статистикасын жариялаған еді. Елордада коронавирус жұқтырғандар күніне 150-ден 280-ге дейін тіркеледі.

Сонымен бірге, С. Бейсенова қандай жағдайда карантин талаптары күшейтілетінін түсіндірді.