Елордада қайырымдылық шарасы кезінде жалғызбасты анаға көмек көрсетілді

10 жасар Нұрсұлтан Кәкімовке туа біткен ДЦП диагнозы қойылған. Сондай-ақ, оған соқырлықтың 4-5 дәрежесі қойылды. Оның анасы Гүлмира Таутанова №2 қалалық балалар ауруханасында мейірбике болып істейді, ол жалғыз 4 баланы тәрбиелеп отыр. Кәкімовтер отбасының қиын материалдық жағдайын ескере келе, елорда әкімдігімен материалдық көмек көрсетілді, сондай-ақ, мүгедекке арналған арба табысталды.
Көп балалы ана Гүлмира Кәкімова елорда әкімінен балаларға киім мен компьютер алуға көмек көрсетуін сұраған. «Астана - мейірімді қала» қайырымдылық акциясы аясында Әсет Исекешев Кәкімовтер отбасында болды.
Сонымен қатар, қала басшысы 87 жасар қала тұрғыны Плотникова Любовьтің жағдайымен танысты. Тыл еңбеккері көп жылдар бойы АТС монтері болып істеген. Қазіргі кезде жалғызбасты әйел қиын жағдайда тұрып жатыр. Оған материалдық көмек көрсетіліп, қажетті дәрі-дәрмек алуға қаржы бөлінді.
Еске салайық, Астанада 1 желтоқсанда «Астана - мейірімді қала» жалпықалалық қайырымдылық акциясы басталды. Түрлі бағыттар бойынша қолдау көрсетіледі, яғни, азық-түлік өнімдерін, көмір, киім-кешек сатып алу, дәріханадан дәрі-дәрмек сатып алу үшін сертификаттар және т.б.
Акцияға қатысуға ниет танытқандар қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік көмек басқармасына хабарласуына болады.