Елордада қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды
АСТАНА. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін «Rixos President Astana» қонақүйінде Қазақстан студенттері альянсының,
ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Шақырылымды ас» қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дастархан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, қараусыз қалған қарттарға арналып жайылды. «Бүгінде біздің әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 12 қызметкер бар. Олар 104 қартқа көмек көрсетеді. Бүгін жастардың ұйымдастыруымен шағын концерт те қойылды. Қайырымдылық акциясына 50-ге жуық адам жиналды», деді Алматы ауданының жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Айгүл Шауғымбаева.
Шара барысында аталмыш бөлімге жеңіл көлік табыс етілді.
«Енді біздің қамқорлығымыздағы адамдар баратын жерлеріне, ол емхана болсын, әлеуметтік мекемелер болсын осы автомобильмен баратын болады», дейді А.Шауғымбаева.