Елордада «Казахстанская правда» ұжымы газеттің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ағаш отырғызды

АНА. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Казахстанская правда» ұжымы газеттің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Жоғарғы соты ғимаратының жанына 20 түп ағаш отырғызды,

Елордада «Казахстанская правда» ұжымы газеттің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ағаш отырғызды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Казахстанская правда» газеті келесі жылы қаңтардың 1-інде 90 жылдығын атап өтеді. Осыған орай біз аймақтарға бірқатар сапар жасадық. Сондай-ақ Орал өзені бойымен Қазақстан мен Ресей экспедициясына шығып,  таяуда Шығыс Қазақстанда басылым тарихында алғаш рет және де отандық «Азия авто» зауыты құрастырған көлікпен автожүріс өткіздік. Бүгін міне осы шара шеңберінде аллея отырғызамыз. Бұндай игілікті шараны газет алғаш рет ұйымдастырып отырған жоқ. Осыдан 5 жыл бұрын басылымның 85 жылдық мерейтойын атап өту барысында біз қалалық орталық саябақта, «Аквапарк» маңында ағаш отырғызған едік. Біз осында іс-шаралар арқылы оқырмандардың көңілін аударуға тырысамыз», дейді аталмыш шараға қатысқан «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқармасының төрағасы Александр  Тараков,