Елордада «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына 550 метр» деген атаумен марафон-флешмоб өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына 550 метр» деген атаумен марафон-флешмоб өтті. Марафон флеш-мобтың ашылу рәсіміне қатысқан Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев барша қазақстандықтарды алдағы ұлы мерекемен құттықтады.

Елордада «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына 550 метр» деген атаумен марафон-флешмоб өтті

«Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі отырмыз. Ал бүгін елордамызда Елбасымыздың бастамасымен аталып өтілетін еліміз үшін үлкен шараның тұсаукесері өтуде десек те болады», - деді Е.Аманшаев.

Айта кетерлігі, Астана әкімдігінің Қазақстанның Әуесқой триатлон федерациясымен бірлесіп ұйымдастырған шараға елімізге белгілі спортшылар, қоғам қайраткерлері, студенттер мен қала тұрғындары, жалпы 550 адам қатысты.