Елордада «Қазақ журналистикасы және Интернет» деген тақырыпта «Дөңгелек үстел+тренинг» форматында іс-шара өткізіледі

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы 2011 жылғы 8 маусым күні «Қазақ журналистикасы және Интернет» деген тақырыпта «Дөңгелек үстел+тренинг» форматында іс-шара өткізеді.

Елордада «Қазақ журналистикасы және Интернет» деген тақырыпта «Дөңгелек үстел+тренинг» форматында іс-шара өткізіледі

Іс-шара Астана қаласы, «Егемен Қазақстан» газеті» көшесі, 5/13 үй (бұрынғы Ломоносов көшесі, 45-үй) мекен-жайында өткізіледі.

1-бөлімде жалпы журналист қызметіндегі Интернеттің маңызы мен қазақша интернеттің мәселелері талқыланбақшы.

2-бөлімде блог ашу, «Фейсбук», «Твиттер» әлеуметтік желілерінде тіркелу және оларды пайдалану нақты іс жүзінде көрсетуге арналған семинар-тренинг өткізілмекші.

Екі бөлім арасында қатысушыларға кофе-брейк ұйымдастырылып, бейресми талқылаулар болады.