Елордада қазақстан-беларусь сыртқы істер министрліктерінің кезекті консультациялары өтті

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше, 6 наурызда Астана қаласында қазақстан-беларусь сыртқы істер министрліктерінің кезекті консультациялары өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш іс-шараның барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Ордабаевтың және Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары А.Михневичтің басшылығымен екі делегациялардың келіссөздері болды.

Тараптар екіжақты өзекті мәселелерді, сондай-ақ екі мемлекеттің Бірыңғай экономикалық кеңістік, Кедендік одақ және ТМД шеңберіндегі іс-қимылдарын талқылады.

Консультациялардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жобасына қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар