Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ерекше флешмоб басталды

АСТАНА. KAZINFORM  — Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында әлеуметтік желіде «Бір шаңырақ астында» онлайн-флешмобы басталды. 

Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ерекше флешмоб басталды
Фото: Астана әкімдігі

Флешмоб аясында Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, түрлі этностардың өкілдері этносаралық келісім, татулық, бейбітшілік және өзара сыйластық туралы өз ойларымен бөлісе отырып, видеоүндеу жариялайды. Онлайн флешмоб Instagram, TikTok, Facebook және т. б. танымал платформаларды қамтиды.

Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ерекше флешмоб басталды
Фото: Астана әкімдігі

Бұл флешмобтың мақсаты — этносаралық келісімді нығайту, қоғамда бірлік, достық және өзара сыйластық идеяларын дамыту, сондай-ақ Қазақстанның мәдени әртүрлілігін дәріптеу.

Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ерекше флешмоб басталды
Фото: Астана әкімдігі

— Біздің күшіміз — татулық пен біртұтастық. Қазақстан — 130-дан астам этностың үйі, онда әрқайсымыз бейбітшілік пен сыйластықта өмір сүреміз, — деп атап өтті қатысушылардың бірі.

Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ерекше флешмоб басталды
Фото: Астана әкімдігі

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Осы атаулы мерекенің құрметіне елордада зияткерлік викториналар мен көрмелерден бастап концерттер мен жарыстарға дейін ондаған түрлі мәдени-спорттық іс-шара өткізіледі. 

Айта кетелік Астанада өтетін марафонға байланысты бірнеше көше жабылады.

 

Соңғы жаңалықтар