Елордада Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі кеңінен аталып өтуде
АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат -Елорда әкімдігінің алдындағы алаңда Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған шара өтіп жатыр.
«Біз республиканың барлық халқын, барлық ұлттық бірлестіктерін осынау тамаша мереке - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтап, бейбіт өмір, зор бақыт тілейміз», - дейді Ақмола казактары қоғамдастығының атаманы Казимир Мухинов.
Айта кетейік, қалалық орталық алаңда елорданың ұлттық мәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Дүние-думан» атты мерекелік концерт өтуде. Онда көпұлтты халықтың достығы мен бірлігін паш еткен «Достық салт-дәстүр» атты ауқымды хореогафиялық қойылым көрсетілді. Сондай-ақ «Терра» би театры, Файза Гаскаров атындағы мемлекеттік академиялық халық би ансамблі, «Ирада» би ансамблі, «Бахар» ансамблі, «Алаш ұлы» тобы, «Премиум» квартеті сынды шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін паш етті.Мерекелік концертке Әлішер Кәрімов, Владимир Игнатенко, Насима Аркин және тағы да басқа әншілер қатысты.