Елордада «Қазақстан мен Ресей мәңгілік достықтың стратегиясы» атты халықаралық көрме өтеді

«16 наурызда ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан мен Ресей мәңгілік достықтың стратегиясы» атты халықаралық көрме ашылады. Көрмеде Қазақстан мен Ресей арасындағы сан ғасырлық достық пен тең құқылы стратегиялық одақтастықты көрсететін маңызды құжаттар қойылады», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, аталған шараға екі мемлекеттің басшылары атынан ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Марат Мәжин, РФ Президенті басқармасының шет мемлекеттермен мәдени және аймақаралық байланыс жөніндегі басшысы Владимир Чернов қатысады деп күтілуде.
«Сонымен қатар аталған шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников, РФ Федералды мұрағат агенттігінің басшысы Андрей Артизов қатысады», - деді М.Жұманбай.