Елордада Қазақстан, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан құрамалары арасында жолдастық кездесу басталды

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада бокстан Қазақстан, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан құрамалары арасында жолдастық кездесу басталды.
None
None

«Төрт елдің жолдастық кездесуі дәстүрге айналып, биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жарыстың биылғы ерекшелігіне тоқталатын болсақ, біздің Бокс федерациясының басшылығы АИБА басшылығына хат жазып, осыған орай алғашқы рет халақыралық турнирді шлемсіз өткізбекпіз. Биыл Еуропа, Азия чемпионаттары бар, алайда басты жарысымыз - биыл қазан айында өтетін әлем чемпионатына дайындық. Сол себептен осы бүгінгі өтетін жарысты Олимпиададан кейін алдын ала келісіп, биылғы жылды бұл турнирмен бастаймыз деген жоспарымызды іске асырудамыз»,-деді баспасөз мәслихатында Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Оның сөзіне қарағанда, ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшылары осы додаға шығады. Ал енді осы жарыстан кейін өзге боксшыларымыз Болгариядағы турнирге қатысады. Сондай-ақ наурыздан бастап бірінші нөмірлі спортшылар Даниядағы ірі халықаралық жарысқа және Чехиядағы додаларға барады.

Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтетін бокстан дәстүрлі «Төрт елдің турнирі» кестесі:

14 ақпан

14:00 Украина - Өзбекстан

17:00 Әзірбайжан - Қазақстан

15 ақпан

14:00 Украина - Әзірбайжан

17:00 Өзбекстан - Қазақстан

17 ақпан

14:00 Өзбекстан - Әзірбайжан

17:00 Украина - Қазақстан

Соңғы жаңалықтар